Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяп кеттім": белгілі әнші казинода Қайрат Нұртасқа көлігін бергенін айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

Белгілі әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтты. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Казиноға Кентал деген әншімен бірге бардым. Барсақ Кайрат Нұртас отыр екен. Көңіл-күйі жоқ. Кофе ішіп отыр, казиноға ұтылып қалыпты. Содан ол менен көлігімді сұрады. "Динарка, көлігіңді бере тұршы", - деді. Бірақ ертеңіне қойып берем, үстінен екі мың доллар берем деді. Қатты қиналды ол", - деді әнші.

Динараның айтуынша, Қайрат көлігін келесі күні өзіне қайтарған.

"Халықтың баласы сондай жерде жүргенін өзім бірінші көргеннен кейін бе, оны аяп кеттім. Бірақ келесі күні Қайрат хабарласып менің көлігімді қайтарды. Бірақ екі мың долларын алған жоқпын", - деді Динара Әлжан.

Айта кетелік, Қайрат Нұртас бүгінде жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

Жақында жеке концертін өткізген ол әйеліне халықтың алдында сезімін білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014030-ayap-kettim-belgili-ansi-kazinoda-qairat-nurtasqa-koligin-bergenin-aitty/

pixel