Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қойсын": Ақбота Керімбекова келініне қандай талап қоятынын жеткізді

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Ақбота Керімбекова келіндеріне шектеу қоймайды. Бұл туралы ол "Хабар" арнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әрбір адам өмірде жіберген қателігін, өмірдегі сүрінген кездерін балалары көрмесе екен, қателеспесе екен деп ойлайды. Енді балаларыма шектеу қойған емеспін. Келіндеріме де шектеу қоймаймын. Барынша өмірлеріңді сүріңдер деймін. Бізге не керек? Ата-ене, үлкен кісілерге? Бір көңіл ғой... Келіп шайын беріп: "Мама, қалайсыз? Жақсысыз ба?", - десе болды. Басқа ештеңе керегі жоқ. Тек қана көңіл...

Келіндерге, қазақтың қыздарына айтарым сол... Үлкеннің қас-қабағына қарау - біздің міндетіміз. Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қойшы... Жай ғана жылы сөйлеп, жылы қабағыңды көрсетіп, ашуыңды көрсетпей, қара шай мен қара нанды күліп-ойнап берсең, болды... Кез келген ата-анаға сол керек", - деді Керімбекова.

Айта кетелік, Ақбота Керімбекова бұған дейін де келінімен ара-қатынасы туралы ашық айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014077-ulde-men-buldege-oramai-aq-qoisyn-aqbota-kerimbekova-kelinine-qandai-talap-qoyatynyn-asyp-aitty/

pixel