Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақилықты жақсы көремін": Диана Қырықбай өзіне қандай жігіт керектігін айтты

Опубликовано:

Диана Қырықбай
Диана Қырықбай. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Осыған дейін тележүргізуші Диана Қырықбай көпшілікке қалыңмалының 50 мың доллар екенін айтқан болатын. Басы бос ару "Қыздар-ай" бағдарламасында өзіне ұнайтын жігіттің бойынан қандай қасиет іздейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен қазақилықты жақсы көремін. Орысша сөйлеп, қазақша дым білмейтін жігіттерді ұната бермеймін. Өзім қазақша тәрбие алған қызбын. Екіншіден, жағдайын өзі жасаған, мінезді, мысы басып тұратын жігіт керек. Өйткені, ондай жігіттің әйеліне көбісі сөйлеуге батпайтын сияқты.

Үшіншіден, білімді, ел көрген, жер көрген, бірнеше тіл білетін жігіт ұнайды. Спортпен айналысатын, салауатты өмір салтын ұстанатын адам. Өзін құрметтемейтін адам меніңше, өзгені де құрметтемейтін сияқты. Әзілді жақсы көретін және де өзіе сай жігіт табылса, мен қарсы болмаймын", - деді Диана Қырықбай.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Диана Қырықбай неліктен қалыңмалы 50 мың доллар екенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014116-qazaqilyqty-zaqsy-koremin-diana-qyryqbai-ozine-qandai-zigit-kerektigin-aitty/

pixel