Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқапов алғаш рет ұлы Зейінді көпшілікке көрсетті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Әли Оқапов отбасымен
Әли Оқапов отбасымен. Фото: instagram.com/aliokapov

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасаған болатын. Осыдан кейін Әли Оқапов Instagram парақшасында ұлын көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құттықтауға, тілектеріңізге рахмет! Оқапов Зейін Әлиұлынан сіздерге жалынды сәлем", - деп жазды Әли Оқапов.

Айта кетейік, Зейіннің кіндік әке-шешесі ретінде тележүргізуші Тимур Балымбетов пен жұбайы таңдалған.

Ал желі қолданушылары әншіні Ақерке Бүркітбаймен алғаш рет бірге көргенін айтып, әншінің отбасына бақыт тіледі.

"Тіл-көзден аман болыңыздар", "Бақытты болыңдар", "Зейіннің бауы берік болсын", "Бақытты жанұя болыңыздар", "Керемет жарасымды жұп", "Әйелі қандай байсалды, жинақы киініп алған", "Роза Рымбаева үшін қуаныштымын", "Роза Қуанышқызының тәрбиесі бөлек қой. Міне, үлгі алатын отбасы", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Қуанышқызы алғашқы немересін бесікке салып, дүркіретіп той өткізген болатын.

Ал Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай 2020 жылдың тамызында шаңырақ көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014117-ali-oqapov-algas-ret-uly-zeiindi-kopsilikke-korsetti-foto-video/