Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағима Есқалиеваның ұлы анасына қымбат көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Нағима Есқалиева
Нағима Есқалиева. Фото: instagram.com/dias_ablayev

Әнші Нағима Есқалиеваға ұлы Диас Аблаев су жаңа көлік сыйға тартты. Өнер иесі анасына тосынсый жасаған сәтті Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нағима Есқалиева ұлының тартуын көргенде, таңғалғанын жасырмады.

"Жаңа көлік пе? Қытайдың ойлап таппайтыны жоқ. Анау-мынау емес", – деді тұлпарды тізгіндеген әнші видеода.

Ал желі қолданушылары Есқалиеваның ұлына жылы лебізін білдіріп, әншіні жаңа көлігімен құттықтады.

"Ұлыңызды керемет адам қылып тәрбиелепсіз", "Жарайсың", "Құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Диас Аблаев анасына тарту еткен Zeekr электрокөлігінің құны 30 млн теңгеден асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014161-nagima-esqalievanyn-uly-anasyna-kolik-syilady-video/

pixel