Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарапайым өмір ұнайды": Нұрболат Қанай өнерден кететінін мәлім етті

Опубликовано:

Нұрболат Қанай
Нұрболат Қанай. Фото: Taboo бағдарламасы

Көпшілікке Qanay лақап есімімен танылған отандық әнші Нұрболат Қанай өнер әлемінен кеткісі келетінін мәлім етті. Taboo бағдарламасына келген әнші арманы қарапайым өмір сүру екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"33-35 жасқа дейін өнерде боламын да, өнерді қоямын. Ары қарай дөңгелекті үй сатып алып, отбасыммен Қазақстанды аралағым келеді. Өзіме Youtube арна ашып, қарапайым Қанай болғым келеді.

Өнерден шаршағаннан емес, өзімнің арманым осы. Бірнеше ай аспаздықты оқып алып, халықтың арасында қарапайым Қанай болғым келеді. Маған қарапайым өмір ұнайды. 35 жасқа дейін шығармашылықта болып, Қазақстанның шоу әлеміне үлесімді қосып, тұлға болып қалыптасқым келеді. Сосын мансабымды аяқтап, халықтың арасында жүргім келеді", - деді Нұрболат Қанай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014204-qarapaiym-omir-unaidy-nurbolat-qanai-onerden-ketetinin-malim-etti/

pixel