Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол енді басты адам": Роза Рымбаева немересімен түскен суретті ұлының портретінің орнына іліп қойды

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Әнші Әли Оқапов желіде анасының қызықты видеосын бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті. Видеодан жақында әже атанған Роза Рымбаеваның немересімен түскен суретін үйінің төріне іліп жатқанын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видеоны Әли Оқапов Instagram желісінде көпшілікке бөлісті.

Видеодан Роза Қуанышқызының төрде ілулі тұрған ұлы Әлимен түскен суретті алып, орнына немересі Зейінмен түскен портретті ілдіріп жатқанын байқауға болады.

"Ол енді басты адам", - дейді халық әртісі Роза Рымбаева.

Видеоны түсірген Әли Оқапов енді немереге қарсы тұру мүмкін еместігін жазып қойды.

"Немереге қарсы тұру мүмкін емес. Ең болмаса лақтырмаңдаршы, портретті өзім алып кетемін", - деп жазды Оқапов.

Ал желі қолданушылары немеренің тәтті болатынын айтып, Роза Рымбаеваның қуанышына ортақтасты.

"Немере тәтті болады", "Балапанның бауы берік болсын", "Осы отбасы қатты ұнайды", "Осылай немересін мәпелеп жүретін әжелер аман болсын", "Көптен күткен немересі ғой", "Немеренің қызығын көруді жазсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева жақында немересін бесікке салып, дүркіретіп той жасаған болатын. Ал Әли Оқапов осыдан кейін әлеуметтік желіге жұбайы Ақерке Бүркітбаймен және ұлы Зейінмен түскен суретін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014274-ol-endi-basty-adam-roza-rymbaeva-nemeresimen-tusken-suretti-ulynyn-portretinin-ornyna-ilip-qoidy/

pixel