Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынбек Қоразбаев ерекше тарихи домбырасын елге көрсетті (фото)

Опубликовано:

Алтынбек Қоразбаев
Алтынбек Қоразбаев. Фото: Композитордың жеке мұрағатынан

Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев көпшілікке Абай Құнанбайұлы ұстаған домбыраны көрсетті. Өнер иесі немерелерімен бірге тарихи домбыраны қызықтап отырған сәтті Instagram желісіне жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Абай бабамыздың ұстаған домбырасы. Немерелерім қызықтауда", - деп жазды Алтынбек Қоразбаев.

"Абай атамыздың қасиеті қонсын", "Таптырмайтын қазына", "Керемет", "Ізбасарыңыз болатынына сенімдімін", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толған болатын.

Композитордың мерейтойында Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бастаған шәкірттері Алтынбек Қоразбаевқа көлік сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014279-altynbek-qorazbaev-erekse-tarixi-dombyrasyn-elge-korsetti-foto/