Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігітпен жүру арман болды": Мереке Қалбаева өзінен 7 жас кіші күйеуінің жүрегін қалай жаулағанын айтты

Опубликовано:

Мереке Қалбаева студияда қонақта
Мереке Қалбаева. Фото: Жетінші арна

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева отбасылық өмір туралы сыр шертіп, өзінен жеті жас кіші жігітке қалай тұрмысқа шыққанын айтты. Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мерекенің айтуынша, ол артық салмақ салдарынан жігіттер қауымына қызығушылық тудырмаған.

"Осыдан жеті жыл бұрын маған красавчик күйеуге тию былай тұрсын, жігітпен жүру арман болатын. Өйткені түрім Қашқадарияда жүретін. Салмағым - 90 келі, бетім - безеу-безеу. Мойныма дейін безеу басқан. Артық салмақ пен дұрыс емес тамақтану салдарынан салмағым 90 келіге кетіп қалған. Универге түскен кезде, салмағым 65 келі болатын. Бірақ жатақханада тегін тамақ беретін. Сол өмірімде тамақ көрмегендей, таңнан кешке дейін тамақты ойлайтынмын. Жарты жыл ішінде 30 келі қосып алдым. КВН-да ойнап жүргенде де түрім Мереке емес, Марат болатын. Жігіттер келіп: "Е, Мәке, братан, братан" деген сайын намыстанасың ғой. Еркек емессің, қызсың ғой. Қасыңдағы арық қыздарға басқаша көзқараспен қарап, маған бәрі Мәке дейтін", - деді ол.

Әзілкеш, блогердің айтуынша, ол күйеуімен танысқан кезде 75 келі болған.

"Ол кезде мен 15 келі тастап үлгерген едім. Осындай съемкалардың кезінде есіктен кішкентай бала кіріп келді. Оның түрі енді бөпе. Кәдімгі бөпе. Әзілдің адамымын ғой: "Құдай жаным, мынау кімнің бөпелері", - деп қалжыңдадым. Содан соң, ол түрін бірден жинап алды. Айналдырған үш сағат ішінде мен оған ғашық болып қалдым", - дейді Мереке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014355-zigitpen-zuru-arman-boldy-mereke-qalbaeva-ozinen-7-zas-kisi-kuieuin-qalai-qaratyp-alganyn-aitty/

pixel