Айсәуле Бақытбек жақында тағы да сәбилі болатынын хабарлады (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасында жақында тағы да сәбилі болатынын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айсәуле Бақытбек қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
"1+1=4" деп жазды ол жарияланған видеоның жазбасында.
Блогердің қуанышты жаңалығын көрген желі қолданушылары оны бірден құттықтап, ақ тілегін жолдаған.
"Айсәуле, құттықтаймын. Сендердің отбасыларың үшін өте қуаныштымын", "Аман-есен жаның қалсын", "Ұл тап", "Құттықтаймын, қандай әдемі", "Жарайсың", "Сіз үшін қуаныштымын", - деп жазуда көпшілік.
Еске сала кетсек, Айсәуле Бақытбек 2022 жылдың қаңтар айында алғаш рет ана атанған еді. Ол өмірге қыз баланы әкелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014381-aisaule-baqytbek-zuyrda-tagy-da-sabili-bolatynyn-xabarlady/