Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Астана қаласының мәслихатына депутат болып сайланды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Amanat партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланды. Бұл жайлы Amanat партиясы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Amanat партиясының Астана қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының шешімімен 12 кандидаттың тізімі бекітіліп, мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауында Аmanat партиясы сайлаушылардың 68,78% дауысын жинады", - деп жазды партия парақшасында.

Аmanat партиясына өткен 12 депутаттың қатарында Кендебай Адамбеков, Ерлан Дәкенов, Берік Жәкенов, Табиғат Зейнулқабден, Ерлан Ермекұлы, Арсланбек Мағзұм, Абзал Сағымбаев, Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Оразалина, Нұрлан Өтешев, Алтыншаш Табылдина, Бауыржан Қасымбергебаев бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014409-telezurgizusi-laila-sultanqyzy-astana-qalasynyn-maslixatyna-deputat-bolyp-sailandy/

pixel