Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің баламды ешқашан бөлген емес": Әсел Асқар алғаш рет өгей әкесі туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар сұхбат беруде
Әсел Асқар. Скриншот: youtube/DinaraSatzhan

Танымал блогер Әсел Асқар Жетінші арнадағы "Қыздар-ай" жобасында қонақ болып, жеке өміріне қатысты құпия сырлардың бетін ашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында кішкентай сәбиінен айырылған блогер алғаш рет өгей әкесі туралы әңгімелеген.

"Менің өгей әкем бар. Ол кісі туралы көп айтпаймын. Себебі камераны, танымалдықты ұнатпайды. Ол өзі сондай ұстамды адам. Бірақ керемет адам, алғысым шексіз. Менің баламды ешқашан бөлген емес. Оны әкем деп айта алмаймын. Анамды жақсы көріп тұр, басқа не керек? Сыйластығымыз бар. Өзімнің әкем өз отбасымен бірге бөлек тұрады. Ол жақта да інім бар. Менің ұлымнан алты айдай үлкен шығар", - деді Әсел.

Айта кетелік, Әсел Асқар шетінеп кеткен ұлына ән арнап, көпшілікті елжіреткен болатын. Ол жүрек ақауынан қайтыс болған ұлына "Періштем" деген туындыны арнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014505-menin-balamdy-esqasan-bolgen-emes-asel-asqar-algas-ret-ogei-akesi-turaly-syndyqty-aitty/

pixel