"Қол көтергендері болды": Шаһизада анасының тағдырын қайталағанын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Шаһизада жақында өзінен 18 жас кіші төртінші жігітін көпшілікке көрсетті. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген өнер иесі анасының тағдырын қайталағанын, бұрынғы күйеулері арасында өзіне қол көтергені болғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қыз кезімде махаббатқа қатты сенгенмін. Өмірдің бәрі махаббаттан тұратын сияқты. Әкенің махаббатын ала алмаған қызбын. Қыз кезімде махаббат іздеп, соған жете алмағанмын. Сол қалпы, ішкі дүниемде махаббат іздеген 18 жастағы қыз қалып қойған.
Біреулер "Жасың келді. Немерең бар. Қоймайсың ба, енді? Ұялмайсың ба?" дейді. Немеремнің, баламның өз өмірі бар. Менің өмірімде ешкімнің шаруасы болмасын. Үйленген кезде бала сияқты алданып қаламын. Алғашқы неке болсын, екінші, үшіншісі болсын әдемі сөзге алданып қалып отырмын ғой. Сеніп қаламын ғой.
Мен оларды бір Аллаға тапсырамын да жүре беремін. Әрине, іште қалады. Бірақ, мен кешірімді ән арқылы шығарып жіберемін", - деді Шаһизада.
Сонымен қатар әнші анасына қол көтергені үшін әкесіне қатты ренжігенін айтты. Өнер иесі анасының тағдырын қайталағанын, бұрынғы күйеулері арасында өзіне қол көтергені болғанын жасырмады.
"Бала кезімде әкем анама қол көтергенде, қатты ренжитінмін. Кешіремін. Алла кешіргенде, мен неге кешірмейін? Иманды болсын, әкемнің қателігі үшін Алладан күнде кешірім сұраймын. Бәріміз пендеміз, қателесеміз. Мен де бір жерде болмаса, тағы бір жерде қателесіп жатқан шығармын.
Әрине, маған қол көтергендері болды. Менің айырылысып кеткен себебім де сол. Мен таяқ жеп жатқанда, өлетін жағдайға жеткенде Алладан "Е, Алла маған басқа әдемі өмір болса, сол өмірге алып баршы. Егер ол өмір болмаса, мені алып кетші" деп жалынып, жылаған кезім болды.
Шүкір, рахмет бірінші жолдасымнан айырылысқанда, мен өнерде көтерілдім. Бала-шағаның қамын ойлап, тек алға жүрдім. Өйткені, Алла шынымен маған көмектесті, жол көрсетті, мүмкіндік берді. Әлі де беріп жатыр. Мен осыған шүкіршілік жасаймын. Тіреуім болады деген азаматты жақсы көріп, тұрмыс құрғанда сөзі мен ісінің сәйкес келмейді. Сол кезде "Неге бұлай болды" деп ішің ашиды", - деді Шаһизада.
Сондай-ақ өнер иесі төртінші жігітін өзі таңдамағанын және балаларының жеке өміріне қалай қарайтынын айтты.
"Мен таңдаған жоқпын, мені таңдап отыр. Балам мен келінім маған ештеңе айта алмайды. Өйткені, менің өмірімді, қиыншылығымды, жылаған, қуанған кезімді көрген. Бәрін қолдап келе жатыр. Біз отырып сөйлесеміз. Балаларым мені тыңдайды, мен оларды тыңдаймын. Олар "Анашым, сіз бақытты болсаңыз, біз де бақыттымыз" дейді. Мен де осыны айтамын", - деді Шаһизада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014518-qol-kotergenderi-boldy-sahizada-anasynyn-tagdyryn-qaitalaganyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.