"Достықтан басқа ештеңе жоқ": Тұрар Ыдырыс бұрынғы сүйіктісінің тұрмысқа шығатынын қалай қабылдады
Жарияланған күні:
Отандық жас әнші Тұрар Ыдырыстың бұрынғы сүйіктісі өзге жігітке тұрмысқа шыққалы жатыр. Әндеріне арқау болған арудың бұл жаңалығын қалай қабылдағанын Тұрар Ыдырыс "Ревю" бағдарламасына айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама мәліметінше, Тұрар мен Мерей Әбілова екеуінің арасындағы махаббат 2019 жылы басталған. Алайда олар 2022 жылы айырылысып кеткен.
"Тек қана қуанам. Тойларын жасағаннан кейін құттықтайтын шығармын. Арамызда достықтан басқа ештеңе жоқ. Мен тек қуаныштымын", - деді Тұрар Ыдырыс.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тұрар Ыдырыс продюсерімен жұмысын тоқтатып, біраз уақытқа көрермен назарынан тыс қалған болатын. Әнші көпшілікке 20 млн теңгеге түсірілген су жаңа бейнебаянын ұсынып, жаңа есіммен өнерге қайта оралды. Ол осы бейнебаян үшін бір көліктен бас тартқанын да жасырмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014539-dostyqtan-basqa-estene-zoq-turar-ydyrys-buryngy-suiiktisinin-turmysqa-sygatynyn-qalai-qabyldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.