Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әбден суық өтіпті": Мөлдір Әуелбекова ауруханаға түсіп қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Іnstagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында жанкүйерлеріне бірнеше күн бұрын ауруханаға түсіп қалғанын айтты. Әншінің сөзінше қазір оның жағдайы жақсы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің оқырмандары оның денсаулық жағдайын сұраған.

"Қайдан біліп отырасыздар? Айтып берейін енді. Осыдан бірнеше күн бұрын жедел жәрдеммен ауруханаға түстім. Бір апта алаңдарда өткен концерттерде жүріп, әбден суық өтіп, бүйрегім ұстап, приступ беріп, осындай халге түскенімді өзім байқамаппын... Дәрігердің бақылауымен үйге емделуге сұранып келдім! Бүгін Аллаға шүкір, үйдемін", – деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекованың сторисы
Мөлдір Әуелбекованың сторисы. Скриншот: Іnstagram.com/moldir.auyelbekova

Өнер иесінің оқырмандарының арасынан "ұсыныс жасалса тұрмысқа шығуға қалай қарайсыз" деген сауал қойғандар да болды.

"Басым бос емес" деген әнші жанкүйерлерін біраз қызықтырып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014761-moldir-auelbekova-auruxanaga-tusip-qalganyn-aitty/