jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "500 бала өз баспанасында өмір сүретін болады": Иманбек алтын дискін қайырымдылық қорына сыйлады (видео)

    Иманбек Зейкенов қайырымдылық қорына алтын дискін табыстауда
    Иманбек Зейкенов. Скриншот: instagram.com/asarume_kz

    Қазақстандық танымал музыкант, Грэмми иегері Иманбек Зейкенов алтын дискін қайырымдылық қорына сыйлады. Бұл жайлы ақпарат қайырымдылық қорының Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеода Иманбек көпшілікті аталмыш қайырымдылық қорына жұмыла атсалысуға шақырды.

    "Asar-Ume қайырымдылық қоры "100 отбасы және 500 бала" жобасын бастады. Әрқайсыңызды бұл қайырымдылық шарасына үлес қосуға шақырамын. Жұмыла кіріссек, біздің арқамызда 500 бала өз баспанасында өмір сүретін болады", - деді Иманбек.

    Айта кетейік, Иманбек Зейкенов ағылшын-норвегиялық музыкалық продюсер әрі диджей Алан Уокермен бірге 2021 жылы Sweet Dreams бірлескен синглы мен бейнебаянын шығарып, нәтижесінде алтын платина дискін еншілеген.

    Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ақсулық Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды.

    "500 бала өз баспанасында өмір сүретін болады": Иманбек алтын дискін қайырымдылық қорына сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.