Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанымды түсінетін жанды жолықтырдым": Танымал әнші Жанна Орынбасарова жеке өмірі жайлы құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Жанна Орынбасарова
Жанна Орынбасарова. Фото: NEGE.KZ

Отандық танымал әнші Жанна Орынбасарова отбасылық өмірі жайлы айтып, жан сырын бөлісті. NEGE.KZ сайтына сұхбат берген өнер иесі жанын түсінетін адамды жолықтырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құдайға шүкір, ешкімнің ала-жібін аттамай, өз жолыммен келе жатырмын деп ойлаймын. Өткерген қиындығым мені қатал мінезді әйел қыла алмады. "Сүтпен кірген мінез сүйекпен өтеді" деген рас па деймін. Алайда, өзіме қатаң талап қоюды үйрендім. Сыртқа жұмсақ болып көрінгеніммен, ішкі менім күшті. Бұл жетістікке жетем деген адамға қажет мінез деп санаймын.

Бағыма орай, жанымды түсінетін жанды жолықтырдым. Бірақ, өнердің ортасынан емес. Бастысы, қолымнан қақпай, өнер жолында қолдау білдіріп отырады", - деді Жанна Орынбасарова.

"Қызым алған мамандығы бойынша заңгер еді. Бірақ, кейін келе мүлде өзге саланы таңдады. Қазір кәсіби әртіс болуға талпынбаса да, жұмысымен қатар студияға барып, өз бетінше ән жазып жүр. Жуырда ғана бір трегі жарық көрді. Қолдау көрсетіп тұрамын, бірақ "қаржылай көмектеспеймін" деп о баста кесіп айттым. Себебі, адам өз маңдай терімен таппаған соң біреу берген ақшаның қадірін білмейді. Соны ұғынсын дедім", - деді Жанна Орынбасарова.

Естеріңізге сала кетейік, Жанна Орынбасарова өнерде тоқал болып танылғандар мен орамал тағатындарға қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015002-zanymdy-tusinetin-zandy-zolyqtyrdym-tanymal-ansi-zanna-orynbasarova-zeke-omiri-zaily-qupiyasyn-bolisti/

pixel