Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалаңаяқ қар кештім": Жұлдызай Дүйсенбиеваның анасы қызы жайлы айтып, көзіне жас алды

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: "Ең алғашқы" бағдарламасы

Танымал отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның анасы актрисаның балалық шағы жайлы айтып, "Алғашқы" бағдарламасында қызының нәресте кезіндегі заттарын көрсетті. Актрисаның анасы талма ауруымен ауырған қызының тынысын күндіз-түні аңдығанын еске алып, көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"42 жыл болыпты ғой. Жұлдызай өмірге келгенде, 3300 грамм, бойы 52 см болды. Жұлдызайдың дүниеге келуі оңай болғанымен, өсіруіміз өте қиын болды. Қатты ауырды. Жөтелден басталды. "Көз тиген" деді ме, соңында талып қала беретін болды. Содан қырық күн таңмен, қырық түнмен қазақша оқытып, беті бері қарады.

Медицина еш ем қолдана алмады. Көкжөтел болғанда, көк ешкіні қуалағанмын. Таң атса, малдың алдынан шығып, кешке қарсы алатынбыз. Сонымен кетеді дейтінбіз. Талып қалған кезде, жалаңаяқ қар кешіп кеткен кездерім болды. Күндіз-түні ұйықтамай, тынысын тыңдап жататынмын", - деді көзіне жас алған актрисаның анасы Сәуле Дүйсенбиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015144-zalanayaq-qar-kestim-zuldyzai-duisenbievanyn-anasy-qyzy-zaily-aityp-kozine-zas-aldy/

pixel