Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1,5 ай үйден шықпадым": әнші Гүлмира Ізбасқан шашын не үшін қысқартып тастағанын айтты

Опубликовано:

Гүлмира Ізбасқан
Гүлмира Ізбасқан. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Әлеуметтік желіде анасымен ән айтып танылған әнші Гүлмира Ізбасқан өз образына қатысты шындықтың бетін ашты. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген жас әнші шашын қысқа қылып алдырып тастауының құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басында шашымды қайтадан өсіргім келді. Бірақ, мына шаш (қысқа - ред.) рахат. Академия бітіріп, диплом алып қойғанмын. Қайда барсам да таныс. Сосын "Бекер оқыдым ба" деп ойланып жүрдім.

Кешке құрбыларыммен киноға бардым. Таңертең тұрсам, денем толған жара, басыма дейін шығып кеткен. Оқытылуға барсам, "көз жара" деді. Сөйтіп, дәрі жағу керек болды. Шашыма жабысып кедергі болды. Анам шашымды қиып тастады. Одан пайда болмағасын шашымды тақырлап алып тастады. 1-1,5 ай бойы үйден шықпадым. Басым тақыр болғасын, орамал тағып жүрдім. Сол кезде 45 келі болып қалған шығармын. Қазір 51 келімін. Күйзелістен өлеңмен шықтым. Балаларға сабақ беретін едім. Сабақ біткесін есікті іліп алып, өлең айта бердім. Сол кезде бәрін ұмытып кетемін.

Бір күні түнде "Енді оқыдым, бәрін беске бітірдім. Енді мынау не? Әлде тұрмысқа шығып кете салайын ба? Енді не істеймін" деп Аллаға ренжіп айттым. Ұйықтап кетсем, ер адамның жуан дауысынан шошып ояндым. Көзімді ашуға қорықтым. Бірақ төбемнен дауыстың шыққанын 100 пайыз білемін. Ертесіне анама айтып, ол кісі қолдап, екеуіміз өлең айттық. Кешкісін ас ішіп отырсам, бірден екі бағдарламаның түсіріліміне шақырды. Анам екеуіміз қалпағымызды аспанға аттық", - деді жан сырын ақтарған Гүлмира Ізбасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015158-15-ai-uiden-syqpadym-zeli-arqyly-tanylgan-ansi-gulmira-izbasqan-sasyn-ne-usin-qysqartyp-tastaganyn-aitty/

pixel