Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған аманат": Абай Бегейдің жұбайы оған қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді

Опубликовано:

Абай Бегей жұбайымен
Абай Бегей жұбайымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Абай Бегейдің жұбайы Фариза жан сырын ақтарып, отбасы жайлы құпиясын бөлісті. Әншінің жұбайы "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында балалары бар адамға қалай тұрмысқа шыққанын жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко әншінің жұбайынан:

"Жаңа отбасыға келін болып түстіңіз. Абай Бегейдің өзінің туыстары бар, үлкен қызымен болған мәселе бар. Қыз баласы болғаннан кейін, жүрегімізге қатты қабылдаймыз. Сіз сол кезде ішкі сезіммен қалай күресіп, қалай жеңдіңіз", - деп сұрады.

"Әрине, қиын болды. Әлеуметтік желіде де үнемі оңай еместігін айтамын. Менен біреу келіп, "баласы бар адамға тұрмысқа шыққалы жатырмын" десе, ол кісіге "шықпа" деп айтар едім. Жалпы үйренісіп кете ме, жоқ па білмейсің ғой. Балалар үлкен аманат қой. Мен өзіме іштей сондай белгі бердім.

"Бұл балалар маған аманат, бұл отбасы маған аманат. Тұрмысқа шығамын деп айтқаннан кейін шыдауым керек, соңына дейін төтеп беруім керек" дедім. Үлкен аманат қой. Үлкен отбасыға барып, балалар үйрене бастағанда кетіп қалсаң, оларға ауыр тиеді. "Қыздар, олардың тәрбиесі саған аманат" деп өзіме қабылдап алдым.

Әкем де, анам да "қиын болады" деді. Бірақ, мен шешім қабылдасам, соңына дейін сол ойымнан қайтпаймын", - деді әншінің жұбайы Фариза.

Айта кетейік, бағдарлама барысында Абай Бегей жұбайының аяғы ауыр екенін, тағы сәби күтіп жүргендерін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015218-magan-amanat-abai-begeidin-zubaiy-balalary-bar-er-adamga-qalai-turmysqa-syqqanyn-aityp-berdi/

pixel