jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Бір мақтанып алдық": Сара Тоқтамысова депутат Дәулет Мұқаевты қонақ қылды (видео)

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Айтыскер, ақын Сара Тоқтамысова жақында парламент мәжілісінің депутаты атанған Дәулет Мұқаевты үйіне қонақ етті. Бұл жайлы Тоқтамысова Instagram парақшасында мәлімеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзіміз отырып шай іштік. Дәулетке кеше үйге келгенде, "Әй, бауырым, депутат болмақ түгілі, президент болып кетсең де туған бауырымдай еркелете береміз" деп қалжыңдадым.

Ант қабылдағанын айтып, бір мақтанып алдық өзіміз. Шүкір, тіл-көзден сақтасын. Аңдаусыз, бәле-жала деген аяқ астынан ғой. Өтірік сөзден бұрын, іс-әрекетін келемеждеп көлгірситіндер демде ғой. Алла сақтасын, абыройың биігінен түспесін деп тілегімізді айтып отырдық.

Ұлдарым Дәулеттей ақылды, байсалды, байыпты болсын деп жүремін үнемі", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Мұқаев - журналист, экономист, танымал блогер. Ол жақында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланды.

"Бір мақтанып алдық": Сара Тоқтамысова депутат Дәулет Мұқаевты қонақ қылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.