Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Рамазан Амантай қызының тұсаукесерін дүркіретіп жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Рамазан Амантай отбасымен
Рамазан Амантай отбасымен. Фото: instagram.com/ramantay

Отандық актер Рамазан Амантай қызының бір жасқа толған туған күнін атап өтіп, тұсаукесер тойын жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы актердің өзі Instagram парақшасында жариялады.

"Туған күніңмен, қызым. Тұла бойым тұңғышым, ата-әжесінің қызы, әлемдегі ең бақытты жан болғайсың. Кеше әжесінің қызының тұсаукесер тойы болды", - деді Рамазан Амантай.

Ал желі қолданушылары актердің қызының өзінен айнымайтынын жарыса жазды.

"Қадамы оң болсын", "Өзіңізге қатты ұқсайды", "Бақытты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Рамазан Амантай тұсаукесер рәсімінде қызы Несібелінің микрофон таңдағанын да көпшілікке бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін түсірілім алаңында жүрген Рамазан Амантай қызының видеосын жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015336-akter-ramazan-amantai-qyzynyn-tusaukeserin-durkiretip-zasady-foto-video/