Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір аяғым қысқа": Қайрат Әділгерей той үстінде неліктен құлап қалғанын түсіндірді

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Белгілі әзілкеш әрі дубляж өнерінің шебері Қайрат Әділгерей "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болып, желіде таралып кеткен видеосына қатысты мәлімет берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын асаба ретінде той жүргізген Қайрат Әділгерейдің той үстінде шалқасынан құлаған видеосы таралған еді. Әзілкеш бұлай құлауына аяғының қысқалығы себеп болғанын айтты.

"Бұл 2021 жылдың күзінде Өскеменде болған той еді. 2022 жылдың қаңтарында тарала бастады. Осыны түсірген жігіт дайректке жазып, видеоны жариялауға рұқсат сұрады. Мен оған өз парақшасына салып, мені белгілеп кетуін өтіндім. Видео солай таралып кетті. Негізі ақты, ақ орамалды баспа деген нәрсе миымда тұрған ғой. Бір аяғымның қысқа. Соның салдарынан осылай құлап қалдым", - деді Әділгерей.

Айта кетелік, видеода той жүргізіп тұрған Қайрат Әділгерей жастарға арналған ақ жолдың үстінен аттамақ болып, шалқасынан құлап қалады. Аталған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015380-bir-ayagym-qysqa-qairat-adilgerei-toi-ustinde-nelikten-qulap-qalganyn-tusindirdi/

pixel