Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Нұрболат Абдуллиннің үшінші қызы өмірге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллиннің үшінші қызы дүниеге келді. Бұл жайлы әншінің менеджері Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллинді бүгінгі туған күнімен құттықтаған менеджері әншінің үшінші қызы мен әйелін перзентханадан шығарған сәтті жариялады.

"Туған күніңізбен, ағасы. Үйіңізге береке, өзіңізге мереке болып келген балапанның бауы берік болсын", - деп жазды әншінің менеджері.

Сонымен қатар ол әншінің видеосына Еркеш Хасеннің "Қызым" атты әнін қосып қойған.

Нұрболат Абдуллиннің өзі де жаңа туған нәрестемен түскен суретін желіде жариялап, тыңдармандарын қызықтырып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Нұрболат Абдуллин мен жұбайы үшінші сәбиінің жынысын білу үшін гендер пати жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015397-nurbolat-abdullinnin-usinsi-qyzy-omirge-keldi-foto-video/

pixel