Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлдарыма келіншекті өзіміз табамыз": Ресейден келген Арман Дәулетияров көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Арман Дәулетияров
Арман Дәулетияров. Фото: Instagram/arman_dav

Танымал музыкалық продюсер, ресейлік шоу-бизнестегі жарқын тұлғалардың бірі Арман Дәулетияров ұлдарын тек қана қазақы дәстүрмен үйлендіретінін және оларға қалыңдықты өзі таңдайтынын айтты. Бұл туралы "Оян" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жастардың алдында сөз сөйлегенде, қазақ дәстүрлеріне де орын бар екенін айтамын. Менің үйлену тойыма келген достарым: "Бұл деген орта ғасырдың салты ғой. Сен өзің танымайтын, анаң алып берген қызға үйлендің. Сен оқыған жігітсің ғой", - деген болатын. Бірақ мен анамның таңдауына қарсы шықпадым.

Әрине, алғашында қиынға соқты. Қазір арада 20 жыл өтті. Менің айналамдағы адамдардың біразы ажырасып, бірнеше реттен үйленді. Әртүрлі әйелден балалары бар. Қазір маған олар: "Сендердің дәстүрлерің қандай жақсы! Анаң қалай дұрыс тапқан бәрін?! Сендердің некелерің мықты ғой", - дейді. Маған әйелім мен балаларымнан артық ешкім жоқ. Сол үшін анама алғысым шексіз.

Бүгінде біз ұлдарымызға бәрін айтып отырамыз. "Сендер өскенде мама мен папа әдемі қазақ қызын тауып береді", - дейміз. Бүгінде ұлым сұрақ қоя бастады. "Папа, егер маған ұнамаса ше?", - дейді. Егер ұнамаса, ұнайтынын тауып береміз (күлді)", - деді Арман Дәулетияров.

Еске сала кетейік, Арманның анасы 2022 жылдың шілдесінде өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015552-uldaryma-kelinsekti-ozimiz-tabamyz-reseiden-kelgen-arman-dauletiyarov-kopsilik-kutpegen-malimdeme-zasady/