Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге ертерек әке атанбадым": Әли Оқапов ұлын алғаш қолына ұстаған сәттегі сезімін бөлісті

Опубликовано:

Әли Оқапов отбасымен
Әли Оқапов отбасымен. Фото: instagram.com/aliokapov

Отандық жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай биылғы жылы ат-ана атанды. Ұлды болған Әли Оқапов "1001 түн" бағдарламасында алғаш тұңғышын қолына алған сәттегі сезімін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әке болғанымды бірден сезіндім. Себебі, көп күттік. Екіншіден, жасым да жиырмада емес. Бүгінде менің үш кіндік балам бар. Сонымен қатар 9 жас айырмашылық бар Мәдиді де өсірдік.

Зейін туылған кезде жанында болдым. Алғаш рет қолыма алған кезде "Неге ертерек әке атанбадым екен" деген ой келді", - деді Әли Оқапов.

Сонымен қатар Оқапов анасы Роза Қуанышқызынан ұлының есімін қою үшін рұқсат алғанын да жасырмай баяндап берді.

"Зейіннің есімін өзім қойдым. Алғашында басқа есімді қоймақ болдық. Бірақ, ұлым дүниеге келуге екі түн қалғанда ойыма "Зейін" деген есім келді. Анама хабарласып, рұқсат сұрадым. Анам "қалай қойсаң, солай болады. Өзің шеш" деді. Зейін деген есім әрі қазақша, әрі сирек кездеседі. Оның үстіне айтуға де жеңіл, шетелге шықса да "Зеин" дей береді. Осының бәрі ескеріп, шешімге келдім. Өзімізге ұнайды, өзіне де жарасымды", – деді Әли Оқапов бағдарлама барысында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Роза Қуанышқызының немересін бесікке салып, бесік той жасағанын айтқан болатынбыз.

Ал Әли Оқапов өзіне ұл сыйлаған жұбайы Ақерке Бүркітбайға су жаңа көлік тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015575-nege-erterek-ake-atanbadym-ali-oqapov-ulyn-algas-qolyna-ustagan-sattegi-sezimin-bolisti/