Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлгермей қалдым": әкесі жайлы айтқан Алуа Қонарова көпшілікті ойландырып қойды (фото)

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Продюсер Алуа Қонарова марқұм әкесін еске алып, көп нәрсеге өкінетінін жеткізді. Әкесімен соңғы рет кездесіп үлгермегенін айтқан продюсер жазбасын Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем екеуіміз соңғы рет менің үйлену тойымда бірге суретке түсіппіз. Ал оған дейін он жаста кезімде түскен екенбіз. Екеуіміз неге жиі суретке түспедік, білмеймін. Наурыз айында әкем 79 жасқа толатын еді. Жылдар өте келе көп нәрсені түсіндім.

Өзгелердің пікіріне мән беруге болмайды. Әкем қандай болса да және анам екеуінің қарым-қатынасы қалай дамыса да, білетінім, ол мені әрдайым ерекше махаббатымен жақсы көрді", - деді продюсер.

Сонымен қатар Алуа Қонарова жерік кезінде әкесінің үнемі қалаған затын әкеліп бергенін, болашақ немересі үшін асық жинап, ол өмірге келіп үлгермегенде қатты қайғырғанын жеткізді. Продюсердің айтуынша, оның әкесі өмірден өтерден бір күн бұрын қызына хабарласып, келуін өтінген. Алайда Алуа Қонарова әкесімен соңғы рет көрісіп үлгере алмаған.

"Тек әкем менің былықтарымды жабатын. Мектепке директор шақырса, анамнан жасырынып келетін. Тек әкем маған күнде перзентханаға келіп, менің жерік асым алмұрт пен қызанақ шырынын әкелетін. Жұмыстан соң, кешке келіп, "Қызым" деп терезеге айқайлайтын. Баланы сақтай алмағанда әкем ғана қатты қайғырып, жылады. Ол болашақ немересіне асық жинап қойған еді. Ол асықтар әлі күнге сол күйі жатыр... Тек әкем ғана әділетсіздік пен қорлықтан қорғады. Ауруханада үш ай бойы ауыр жағдайда жатқанымда әкем ғана келді. Сондай-ақ әкем қайтыс боларының алдында "Қызым, қатты сағындым. Келші" деді. Ал мен үлгермей қалдым.

Өкінішке қарай, мұның барлығы өте кеш еске түседі. Жылдар бойы өзгенің пікірімен жүргенім үшін өзімді кінәлаймын. Көп жылдар бойы басына бармап едім. Бүгін жылдар өткеннен кейін әкем түсіме кірдім, дәл суреттегі жасында, осы киіммен және шаш үлгісімен. Қыздар, әкені сүйіңіздер, қандай жағдай болмасын ата-ананы кінәламаңыздар. Әке, сағындым", - деді Қонарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015652-ulgermei-qaldym-akesi-zaily-zazba-zariyalagan-alua-qonarova-kopsilikti-oilandyryp-qoidy-foto/

pixel