Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзін көгерттім": Анар Батырхан абьюзер жігітінен қалай құтылғанын айтты

Опубликовано:

Анар Батырхан
Анар Батырхан. Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

Актриса Анар Батырхан бес жылға жуық кездескен жігітінің көзін көгерткенін айтты. "Қыздар-ай" бағдарламасында тележүргізуші абьюзер жігітімен болған қарым-қатынасын мәлімдеп, бойжеткендерге кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің жігітім болды. Қазір сол жігітпен қалай жүрдім деп ойлаймын. Қазіргі Анар ол жігітпен жүрмес еді. Мен ол кезде ақымақтау болдым-ау. Менің ойымша, 4,5-5 жыл деген үлкен мерзім. Бұл бес күн, бес апта емес. Бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Қазір "абьюзер" деген сөз бар ғой. Ол кезде ол сөзді білмейтінмін. Қазір ойласам, тура сол жігіт.

Қылығын бір жылдан кейін байқай бастадым. Қызғаныштан басталды. "Не үшін түсірілімге барасың? Бармай-ақ қой. Қыдырмайсың. Менімен ғана қыдырасың" дейтін. Қол көтеру болмады. Мен жағымнан қол көтеру болды. Мен ұрғанмын. Бір рет кәдімгідей көзін көгерттім. Сосын "Сен не істеп жатырсың" деп айтып, қорғанды. Мен ашулансам, жаманмын.

Сол қызғаныш себеп болды. Әрқашан миыңды жеп, ызыңдайды. Кетесің, артыңнан келіп "Мен өлемін. Маған мүмкіндік берші" дейді. Сосын қайта қосыласың. Сол "абьюзерлік қарым-қатынас жақсы болып кетеді" деп ойлайтын қыздар болса, кеңесім: айырылысып кеткеннен кейін қайта қосылмаңыздар. Адам өзгермейді. Сіз ол адамды толықтай сол қалпымен қабылдайсыз немесе айырыласыз", - деді Анар Батырхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015699-kozin-kogerttim-anar-batyrxan-abyuzer-zigitinen-qalai-qutylganyn-aitty/

pixel