Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 млрд теңге": әзілкеш Ақболат Өтебаев танымал фильмінен қанша табыс тапқанын айтты (видео)

Опубликовано:

Ақболат Өтебаев әзілкеш
Ақболат Өтебаев. Фото: instagram.com/askhatsadyrbay

Әзілкеш, "Назар аудар" театрының мүшесі Ақболат Өтебаев жақында "Маған назар аудар" атты кинотуындысын көпшілікке ұсынған болатын. Кинотеатрдан көрсетілген фильмнен 1 млрд теңге табыс тапқанын айтқан әзілкештің сұхбатын Асхат Садырбай Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Пайдалы болайық деп ниеттеніп едік, Құдай өзі тойдырып тұрып, пайдасын берді. Ризығын есептеген жоқпыз. Бір млрд теңгеге жақындап қалды. Ал фильмнің бюджетіне жүз млн теңгеден асып кетті.

Шынымды айтсам, мен үйдің ақшасын да санамаймын. Үйде ақшаны әйелім ұстайды. Керегін ғана сұрап алып жүре беремін. Ақшаны жақсы көріп кеткен де жаман", - Ақболат Өтебаев.

Сонымен қатар әзілкеш аталмыш фильмді түсіруге әйелі ой қосқанын ERNUR.KZ сайтына берген сұхбатында айтты.

"Негізі адамда түрлі кезең болады ғой. Мен бір адамға екінші рет ғашық болдым. Бұл сезім әйеліммен сөйлесетін ұзақ әңгімелесуден кейін пайда болды. Кейде әңгімеміз 3-4 сағатқа созылатын. Әр әңгімелескен сайын мәселенің барлығы шешіліп, арамызда түйін қалмады. Сосын осы киноның идеясын маған әйелім ұсынды.

"Қазіргі жастардың мәселесі сөйлеспеу екен ғой. Егер осылай бір-бірімен сөйлессе, ешкім ажыраспас еді. Неге осындай фильм түсірмейсің" деді. Идея ұнады да, ойланып қалдым. Әрі қарай қасымдағы жолдастарыма айттым. Солай жұмысқа кірістік. Абдусамид Шейхисламов режиссер болып, "Назар аудар" театрының капитаны Азамат Аленов сценарийін жазды. Арасында өз ұсынысымды айтып отырдым. Бәрі ойлағаннан да сәтті шықты. Сондықтан, идея менікі деп айтпаймын. Бәріміз атсалысқан жоба болды", - деді Ақболат Өтебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015727-1-mlrd-tenge-azilkes-aqbolat-otebaev-tanymal-filminen-qansa-tabys-tapqanyn-aitty-video/

pixel