Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегімнен тас түсті": Айгүл Иманбаева әкесімен табысқан соң жолы ашылғанын жасырмай айтты

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/

Отандық эстрада жұлдызы, танымал әнші әрі талантты актриса Айгүл Иманбаева көпшілікті жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болып, кешіре білуге, алғыс айтуға шақырды. Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" жобасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз бақыт дегенді үлкен нәрсе деп ойлаймыз. Әкем, менің әкем келді концертіме. 40 жылдан кейін келді. 40 жылдан кейін төрімде отырды. Әрине, оның алдында араласып бастадық қой... Жүрегімнен тас түсті, әдемі көңіл-күйде болдым.

Анамнан да кешірім сұрадым. Кейде анаммен бірге тұрғанның өзіне байқамай, қатты сөйлей саламыз ғой. Менің түсінгенім, әке-шешеге үлкен соққыны беретін бала екен. Балалықпен былай бересің, шалалықпен былай бересің соққыны. Сөйтіп, әке-шешең қартайып, қалжырағанда түсінесің. "Ұзақ жасаса екен", - деп тілей бастайсың құдайдан.

Мен өзім ренжіттім-ау деген біраз адамнан кешірім сұрадым. Алғыс айтып жүруді, кешірім сұрауды үйрендім. Өзімнің бақытым, жолым үшін алғыс айтуды үйрендім. Өзімізді өзіміз тазалаған соң, бәрі ашық қой. Жақсылық жасайтын да, жамандық жасайтын да өзіміз. Қазір соның бір кілтін тапқандаймын.

Әкеммен қалай табысып, жүрекпен араласа бастадық, менің бүкіл жұмысым өз арнасына түсті. Жолым ашылды. Әке-шешеңмен қарым-қатынас - ол сенің денсаулығың, ұзақ ғұмырың. Нағыз бақыттың үні - бәсеңкі. Тыныштықты жақсы көреді", - деді Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015766-zuregimnen-tas-tusti-aigul-imanbaeva-akesimen-tabysqan-son-zoly-asylganyn-zasyrmai-aitty/

pixel