Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"11 млн теңге шығынға баттым" Ернар Садырбаев Астанадағы концерті қаншаға түскенін айтты (фото)

Опубликовано:

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

Көпшілікке Amre лақап есімімен танымал әнші Ернар Садырбаев Астанада өткен концерті жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі елордада өткен жеке кешінің жалпы құны 30 млн теңгеден асқанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жазып, оқырман сауалына жауап берді.

Желі қолданушысының бірі "Астанадағы концерттің шығыны 30 млн теңге болды ма", - деп сұраған Ернар Садырбаевтан.

Ал әнші шығынның аталған сомадан көп болғанын және 11 млн теңге шығынға батқанын жеткізді.

"Ұқсамайды ма? Сахна, жарық, музыканттар, партитура, графика, менеджмент, видео-фото контент, жарнама, мейрамхана - бәрін қосқанда 30 млн теңгеден әлдеқайда асып кетті. Ал қонақ болып келген жүргізуші, әнші бауырларым қолдап, тегін келді.

Зал 100 пайыз толса да, концерттен 11 млн теңге шығынға баттым. Ниетім бұл жобадан ақша табу емес еді. Шығармашылық пен өз абыройым үшін жасадым", - деді Ернар Садырбаев.

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев сторис. Скриншот: instagram.com/amre_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015852-11-mln-sygynga-battym-ernar-sadyrbaev-astanadagy-koncerti-qansaga-tuskenin-aitty-foto/

pixel