Бағлан Әбдірайымов Жұлдызай Дүйсенбиеваның ренішіне жауап берді (видео)
Жарияланған күні:
Осыдан біраз уақыт бұрын отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносына түсірмей қойғанын айтқан болатын. "Жігіттер" тобының әншісі актрисаның ренішіне жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағлан Әбдірайымов жауабын Instagram желісінде жариялады.
"Көпшіліктің сұрағына бір ауыз жауап берейін. Жұлдызайды мен ренжіткен жоқпын. Оның бізге дастархан жайып, киноға түсу үшін бізбен шай ішкісі келгені рас. Сұрақ қойды, сұраққа жауап бердік. Біздің фильмде Жұлдызайға лайықты рөл болмады.
"Саған лайықты рөл жоқ" деп айтқанымыз рас. Қыз баласы ғой, көңіліне келген шығар. Жарайды. Бірақ, осының қайырын айтайын. Жұлдызай кино түсірді. Осыдан шабыт ала отырып, өзін қайрап, қолынан келетінін дәлелдеп, тәуекелге бел буып, фильм түсірді. Кино түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Қолынан келсе, бәрі кино түсіретін еді. Бүкіл Қазақстанда киносын көрсетіп жатыр", – дейді Бағлан Әбдрайымов.
Сонымен қатар әнші Жұлдызайдың жаңа фильміне сәттілік тіледі.
"Жұлдызай, ренжіме" деп, біз қазіргі уақытта екінші жобамызды бастадық. Оған шақырсам, Қазақстанды аралап жүрген Жұлдызай келе алмайды. Киноға шақырдым, енді өзіңнің қолың тимей қалды. Екеуіміздің есебіміз теңесті. Киноға сәттілік тілеймін", – деп әріптесінің шығармашылығына сәттілік тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015883-baglan-abdiraiymov-zuldyzai-duisenbievanyn-renisine-zauap-berdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.