Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдар Тұрғанбек бірінші некесінен туған қызымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Опубликовано:

Айдар Тұрғанбек
Айдар Тұрғанбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек бірінші некесінен туған қызымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әрине (хабар алмасып тұрамын - ред.) Қажет кезде материалдық тұрғыдан да қол ұшын созып, көмектесіп тұрамын", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі қазіргі әйелі туралы да жасырмай айтып берді.

"Менің жұбайым орта мектеп пен Астанадағы Еуразия университетін қызыл дипломмен бітірген. Қазір бала тәрбиесімен үйде отырғандықтан, дінге деген көзқарасы күшейіп, өз қалауымен Нұр-Мүбарак университетіне түсті. Кішкентайымыз алты айлық болғандықтан, академиялық үзіліс алды. Бұйырса, қайта жалғастырады. Мен оған негізі үнемі "Үйде отырып қалма. Балаларға сабақ берсең де, бір іспен айналыс. Қоғамнан алшақтама" деп айтып отырамын", - деді Айдар Тұрғанбек.

Айта кетейік, Айдар Тұрғанбек осыған дейін бірінші әйелінің өз отбасы бар екенін айтып, ол туралы талқылағысы келмейтінін жеткізген болатын.

"Кім алғашқы жарым? Кім ол Раушан деген? Танымайды екенмін. Бұл мәселелерді біз қазір мүлдем қозғамаймыз. Ол кісінің өз отбасы бар. Сол себепті, бұл мәселені сызып тастай салайық.

Ортамызда қызымыз бар. Қызыммен жақсы араласамын. Ол – менің ұрпағым. Араласып, хат жазысып, көмектесіп тұрамын. Видеоларыммен бөлісемін. Ол Алматыға келеді. Қолымнан келгенше жақсылық жасауға тырысамын. Алла нәсіп етсе, бәрі жақсы болады. Өткен өмірім туралы айтқым келмейді. Себебі, оның өз отбасы бар. Менің өз отбасым бар. Сондықтан ол айтатын нәрсе емес", - деген болатын Айдар Тұрғанбек отандық бағдарламаның бірінде.

Сонымен қатар әнші қазіргі жұбайымен шариғат бойынша екі рет қана көрісіп, үшінші кездесуде оны ұшақпен алып қашқанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016087-aidar-turganbek-birinsi-nekesinen-tugan-qyzymen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/

pixel