Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін болғаныма 27 жыл": Қайын жұртына сәлем салған Жазира Байырбекова көпшілікті сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова көпшілікке қайын жұртын көрсетті. Күйеуінің әулетіне сәлем салған өнер иесі желі қолданушыларын сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Біздің әулет. Бұл әулетке келін болғаныма 27 жыл болды. Аралға келдік", - деп жазды әнші.

Видеодан Жазира мен Жанболаттың ұл-қызын ертіп, Аралдағы туыстарына барғанын байқауға болады. Әнші Жазира Байырбекова видеода күйеуінің туыстарына сәлем салады.

Ал желі қолданушылары әншінің әрекетіне сүйсінгенін жасырмады.

"Керемет көрініс", "Қандай керемет? Қанша жұлдыз болсаңыз да, өз жарыңыздың әулетінде келін екеніңізді күшті көрсеттіңіз", "Барша келін осындай болса екен", "Жарайсыз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016148-kelin-bolganyma-27-zyl-qaiyn-zurtyna-salem-salgan-zazira-baiyrbekova-kopsilikti-suisintti-video/