Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапкершілікті алмаймын": Қанат Әлжаппаров қандай тойдан бас тартатынын айтты

Опубликовано:

Қанат Әлжаппаров студияда қонақта
Қанат Әлжаппаров. Фото: "Хабар" арнасы

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров — еліміздегі сұранысқа ие асабалардың бірі. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болған ол қандай тойларға қатыспайтынын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Орысша басқаратын тойлар белгілі болады. "Здравствуйте, это Канат, да?", - деп бастайды. Сол кезде мен де бірден сұраймын. Егер той орысша өтетін болса, бас тартамын. Орысша жүргізе алмаймын. Ұят болып қалмау үшін, жауапкершілікті алмаймын", - деді Қанат.

Сондай-ақ Әлжаппаров өзінің той басқарғаны үшін алатын гонорарын да жасырмай жария етті.

"Нақты бір сома жоқ. Кейде жақсы басқарғаным үшін келісілген қаражаттан асырып беретіндер бар. Бір миллион, кейде бір жарым миллион. Бірақ екі-үш миллион алған кезім болмапты. Олай алуға да ұяламын", - деді әзілкеш.

Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, Қанат Әлжаппаров еліміздегі ең қымбат асабалардың қатарына жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016266-dokeilerdin-toiyn-basqarmaimyn-qanat-alzapparov-qandai-toidan-bas-tartatynyn-aitty/

pixel