jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қатты күйзеліске түстім": Салтанат Бақаева кішкентай ұлымен бірге баспалдақтан қалай құлағанын айтты

    Салтанат Бақаева
    Салтанат Бақаева. Фото: instagram/saltanat_bakayeva

    Танымал әнші Салтанат Бақаева байқаусызда баспалдақтан құлаған сәтін еске алып, бетінен ауыр жарақат алғанын айтты, деп жазады Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, ол кішкентай ұлымен бірге абайсызда құлап қалған.

    "Бұл мен үшін өте үлкен сынақ болды. Сол кезде жұмыс көбейіп кетті. Балам сағынып, бір күнге Алматыға ұшып келдім. Түнгісін балам жылағасын, төменгі қабатқа түскенбіз. Баспалдақтың жанындағы шамды жағуды ұмытып кетіппін. Екеуміздің аяғымыз тайып, екінші қабаттан бірінші қабатқа құлап түстік. Бетім терезенің алдындағы тақтайшаға қадалып, сүйегіне дейін шығып кетті. Қайта көзіме тимегеніне шүкір.

    Қуанышқа қарай, баламның бір жеріне де зақым келмеді. Періштесі қаққан шығар. Өзім қатты күйзеліске түстім. Бетімнің жыртылған жерін мықты дәрігер тігіп берді. Өзіме қатты ұнады", - деді Бақаева.

    "Қатты күйзеліске түстім": Салтанат Бақаева кішкентай ұлымен бірге баспалдақтан қалай құлағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.