Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолым болды": актер Қайрат Әділгерей төрт бөлмелі жаңа үй алды

Жарияланған күні:

Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей
Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей. Фото: instagram/bakyt_turman

Көпшілікке танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей отбасы жайлы сырын бөлісіп, төрт бөлмелі жаңа үй алғанын жеткізді. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұбайы Бақыт Тұрман мен балалары жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бақыт (Тұрман - ред.) екеуіміз көп сөйлесеміз. Бәрін өсектейміз. Ол өзі өсек айтпайтын қыз ғой негізі. Бірақ екеуіміз жаман айтамыз. Екеуіміз де шығармашылықтың адамымыз, өсек емес талқылау ғой. Жақсы нәрсені аламыз. Жаман нәрсені көріп тұрамыз.

Бақыт маған "Сен алға жүріп отыршы. Мен тыныштығың мен бала-шағаңды реттеп отырайын" деп айтады. Менің жолым болды. Өзі сұлу, ақылды, сымбатты", - деді Қайрат Әділгерей жұбайы жайлы.

Сонымен қатар актер бағдарлама барысында жаңадан төрт бөлмелі үй алғанын да айтты.

"Балаларға және өмір сапасына инвестиция жасаймыз. Бірінші кезекте - саяхат. Оған ақша аямаймыз. Бәрін көру керек, білу керек. Ол - мүмкіндік. Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре - көсем боласың. Менің үлкенім - 15-те, екіншісі - 12-де. Кішілері бес және екі жаста. Осы екі үлкенін алып, тарихи жерлерге кетемін. Қытай қорғанынан бастап, Самарқанд, Түркіменстан, Иранға баруым керек. Бүкіл Жібек жолын көрсетуім керек. Оның ішінде біздің Сауран, Отырар, Сарайшық бар. Түркияға дейін кетеді. Ақшаны осыған жұмсаймыз.

Бастысы - үй. Біз жаңа үй алдық. Төрт бөлмелі, 155 шаршы метр. Енді соның құрылысына кірісеміз", - деді Қайрат Әділгерей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016337-zolym-boldy-akter-qairat-adilgerei-tort-bolmeli-zana-ui-aldy/