Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 жасқа толған продюсер Гүлзира Айдарбековаға отбасы тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен
Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Отандық продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова 55 жасқа толды. Продюсердің келіндері мен ұлдары анасына тосынсый жасап, туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анасына жасалған тосынсый жайлы Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас Instagram желісінде мәлім етті.

"Анашымды әкеммен басқа жаққа жібердік, Қазір туған күн басталып жатыр. Бірақ анам білмейді. Барлығы жақын туыстар. Дастархан дайын", - дейді Заңғар видеода.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекованың туған күнінде Жұлдыз Әбдікәрімова да көзге түсті. Видеода актрисаның әулеттің ортаншы келінімен бірге дастархан дайындап жүргенін байқауға болады.

Сонымен қатар продюсердің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова да әлеуметтік желіде енесіне ақ тілегін жаудырды.

"Жаңа жасыңыз жақсылығымен келсін, анашым. Туған күніңіз құтты болсын. Өмір жасыңыз құтты болсын", - деп Жұлдыз енесінің бетін сүйді Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016411-55-zasqa-tolgan-prodyuser-gulzira-aidarbekovaga-otbasy-tosynsyi-zasady-video/

pixel