jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Дубайда үй мен кәсіп бар": әнші Бүркіт енді ұшақ алуды армандайтынын айтты (видео)

    Бүркіт пен Аиша
    Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/aisha_vee

    Отандық әнші Бүркіт шетелде жылжымайтын мүлігі барын мәлім етті. "1001 түн" бағдарламасында Бүркіт пен Аиша Дубайда үйі мен кәсібі барын және алдағы уақытта ұшақ алуды армандайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Дубайда кәсіп те, үй де бар. Балиде жоқ, алыстау. Әлі тікелей ұшақ жоқ. Дубай арқылы айналып ұшамыз. Ұшақ керек. Ұшақ іздеп жүргенмін. Сөйтіп "Ұшақты не істейсің?" деп ұрысты. Мен ұшақты жақсылап іздедім. Бір жыл оқимын.

    Зымыранға отырып, ғарышқа ұша алмаймын. Құдай қаласа оқып шығамын, сосын ұшақты айдаймын. Бірақ бұлар (Аиша - ред.) ағам екеуі қосылып алып, "Ұшақты не қыласың" деп ұрысты", - дейді Бүркіт.

    Ал әншінің жұбайы Аиша Бүркіттің ұшақты өзі айдағысы келгендіктен, бұл идеясына қарсы болғанын айтты.

    "Ұшақ алса, жарайды. Ол өзі ұшақты жүргізгісі келеді. Өмір бойы ұшақ айдап көрмеген адам, оны жүргізуді ойлайды. Оқып алғысы келеді. Уайымдаймын. Мен саған сенемін. Бірақ сенімен бірге ұшқым келмейді", - деп күлді Аиша бағдарлама барысында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.