Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7 жас кіші": Дильназ Ахмадиева екінші күйеуінен ажырасып кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Әнші Дильназ Ахмадиева "Мамский әңгіме" бағдарламасында екінші күйеуінен ажырасып кеткенін мәлім етті. Өнер иесі бағдарлама барысында ажырасуына не себеп болғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екінші жұбайыммен 2017 жылы кездесе бастадық. 2019 жылы шаңырақ көтеріп, 2020 жылы мен босандым. Біз 2013 жылдан бері таныспыз.

Біз ажырастық. Бірақ өте жақсы достармыз. Қарым-қатынасымыз жақсы. Ол менен 7 жас кіші. Бірінші күйеуім 8 жас кіші еді. Біздің достығымыз артық секілді. Осымен тоқтадық. Отбасылық қарым-қатынасты бала кішкентай кезде тоқтатуға шешім қабылдадым. Ажырасқанымызға жылдың жүзі болды. Отбасылық өмір үшін жаралған адам емес сияқтымын. Мен шығармашылықтың адамымын. Аллаға шүкір, ұлды болдым. Ұлымызға қарап, мәз боламыз", - деді Дильназ Ахмадиева.

Естеріңізге сала кетейік, Дильназ Ахмадиева 39 жасында алғаш рет ана атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016581-7-zas-kisi-dilnaz-axmadieva-ekinsi-kuieuinen-azyrasyp-ketkenin-aitty/