Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қараңғы бөлмеде жалғыз қаласың": Дастан Оразбеков 35 жасында депрессиямен қалай күрескенін айтып берді

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков. Фото: instagram.com/dastanello

"Орда" тобы арқылы халыққа кеңінен танылған әнші Дастан Оразбеков "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" жобасында қонақ болып, 35 жасында депрессияға ұшырағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күнделікті бәр нәрсе қайталана берсе, адамды шаршатып жібереді. Басқа бір мансабың болмаған соң, басқа нәрсеге бет бұрмағаннан кейін, нәпсіңді тыя алмай қалған кездер болады. Сол нәпсіні тыя алмаған соң жаман нәрсеге ұрынасың, депрессия басталады, өзіңді жейсің. Сосын түбінде қараңғы бөлмеде жалғыз қаласың.

Ең бірінші көмек берген - менің жанұям, менің анам, менің жарым, менің бала-шағам. Ер азамат өзінен-өзі шаршап кеткен шақта, ештеңеге қарағысы келмейді. Осындайда өзіңмен-өзің кетіп қалғың келеді.

Бірақ күнделікті саған сеніп отырған жарың, бала-шағаң бар, тақымын қысып отырған анаң бар. Сол кісілердің жанарындағы отты, өзіңе деген сенімді көресің де, ақыры түбінде саналы азамат болсаң, жеңіп шығасың. Аллаға шүкір", - деді Дастан Оразбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016751-qarangy-bolmede-zalgyz-qalasyn-dastan-orazbekov-35-zasynda-depressiyamen-qalai-kureskenin-aityp-berdi/

pixel