Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шапалақпен тартып жіберді": Жандарбек Бұлғақов айтыскер әкесінің өзіне неліктен қол көтергенін айтты

Опубликовано:

Жандарбек Бұлғақов
Жандарбек Бұлғақов. Фото: instagram/olensoz_kz

Танымал айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақов "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әкесі Айтақын Бұлғақовтан таяқ жеген кезін еске алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Айтыстан кейін тарс еткізіп, шапалақпен ұшырып жіберетін кезі бар. "Біржан-Сараның" айтысы болды. Сол айтыста мен бас бәйге алып, видеомагнитафон ұтып алдым. Ертесіне дүниені қырып келген адамдай ұйықтап, мәз болып, тұрып келе жатқам. Әкем айтпай, шапалақпен тарс еткізді. Стенаға жабысып қалдым. Айтысыма көңілі толмаған ғой...

"Мен қойып берген тактикадан басқа өздігіңнен ештеңе айтпадың. Сахнада керемет өнер көрсетпедің, неменеге жетісіп жүрсің", - деген болатын. Әке мен баланың айтысын да көрдік. Жүрсін ағамыз айтыс жабылып қалған кезде табылған формат еді"- деді Жандарбек.

Еске сала кетейік, Жандарбек Бұлғақов елімізге танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың ұлы. Әкелі-балалы айтыскерлер халық арасында үлкен қошеметке ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016828-sapalaqpen-tartyp-ziberdi-zandarbek-bulgaqov-aitysker-akesinin-ozine-nelikten-qol-kotergenin-aitty/

pixel