Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай емес екен": әнші Асхат Тарғын 70 млн теңгеге салған зәулім үйінің ішін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Асхат Тарғын
Асхат Тарғын. Видеодан кадр: Instagram/askhat_targyn

Отандық әнші Асхат Тарғын көпшілікке екі қабатты зәулім үйінің ішін көрсетті. Оның айтуынша, баспанасының құрылысының 98 пайызы аяқталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Оразаларыңыз қабыл болсын! Алланың қалауымен бастаған үйіміз Рамазан айында бітті. Бұл - өмірге келгелі салған екінші үйім. Біріншісін 2006 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында салғанмын. Ол жер үй болатын және құм сылақпен оңай бітіп еді.

Қазіргі уақытта үй салу оңай емес екен. Құрылыс материалдары қымбат. Дегенмен баспанамыздың 98 пайызын бітіріп, ішіне кіріп алдық. Алла осы шаңырағымыздың берекесін берсін. Бәріңізге бұдан да зәулім баспана тіледім. Қазағым бақытты болсыншы", - деді Асхат Тарғын.

Оның сөзінше, екі қабатты үйінің құрылысы 2019 жылы басталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асхат Тарғын жаңа баспанасының құрылысына 70 млн теңгедей қаржы кеткенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016934-onai-emes-eken-ansi-asxat-targyn-70-mln-tengege-salgan-zaulim-uiinin-isin-korsetti-video/