Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманның кесірі": Аша Матай неліктен актрисалықты тастап кеткенін айтты

Опубликовано:

Аша Матай мен Арман Қоңыр
Аша Матай мен Арман Қоңыр. Фото: instagram.com/asha_matai

Отандық жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңыр 2014 жылы кездесіп бастап, 2015 жылы отбасы құрған. "Ел" бағдарламасына келген әнші Аша Матай тұрмысқа шыққаннан кейін актрисалықты тоқтату себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Актерлік шеберлігімді неге жалғастырмадым? Ол - Арманның кесірі негізі. Рұқсат бермеді соңғы кинокартинаға. Менің ойымша, онда тұрған ештеңе жоқ. Жаман қырынан емес, жақсы жағынан ғана қарап жатыр. Себебі, қыз баласына қиын", - деді Аша Матай.

Ал Арман Қоңыр әйелінің актрисалық өнеріне қарсы болу себебін түсіндірді.

"Уайым ғой, уайым. Ол да (қызғаныш - ред.) әрине бар. Барлық отбасы секілді біздің де мәселелеріміз болды. Уайым болды, қызғаныш болды. Барлығы болды ғой", - деді Арман Қоңыр.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Қоңыр мен Аша Матай 2015 жылы шаңырақ көтерген. Жұлдызды жұптың бүгінгі таңда екі қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017080-armannyn-kesiri-asa-matai-nelikten-aktrisalyqty-tastap-ketkenin-aitty/

pixel