Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін берер едім": Маржан Арапбаеваның анасы жайлы жазбасы көпшіліктің көңілін босатты

Жарияланған күні:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Отандық әнші Маржан Арапбаева марқұм анасын көру үшін барын беруге дайын екенін айтып, желіде оқырмандарын жылатты. Өнер иесі өмірден өткен анасы жайлы Instagram парақшасында жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл суретте тіпті неше жаста екенім нақты есімде жоқ. Мүмкін, 16-17 жаста шығармын. Бірақ "Осы уақытқа қайта оралғың келеді ме" деп сұраса, ойланбастан келісер едім. Өйткені, ол кезде менің анамның көзі тірі еді. Дәл осы суреттегі уақытта анам үйде нан жауып немесе кеспе көже пісіріп жатыр ма екен деймін. Не істесе де, ол кісі үйде болды-ау. Түске дейін - мұғалім, түстен кейін - ана еді.

Сол кезге қайта оралуға мүмкіндік болса ғой, шіркін! Ант етемін, мен ол үшін бәрін берер едім. Анамды қайта көру үшін бәрін берер едім. Анашым...", - деп жазды Маржан Арапбаева.

Әншінің оқырмандары да жазба астына өз анасы жайлы пікір қалдырып, балалық шағын еске алған.

"Дұрыс айтасыз. Қайта оралмайтын шақ қой", "Анам есіме түсіп кетті", "Анаңыздың жаны жәннатта шалқысын. Қазір жаныңызда болса, сізбен мақтанатын еді", "Бәріміз сол уақытқа ойланбастан қайта оралар едік", "Ана деген өмірден өтсе де, көңілден кетпейді", "Ананың орны ешқашан толмайды", "Анам есіме түсіп, әбден жыладым", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017333-barin-berer-edim-marzan-arapbaevanyn-anasy-zaily-zazbasy-kopsiliktin-konilin-bosatty/