Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аспанда екі рет айналдым": әзілкеш Ғалым Махамбетов садақаның арқасында ірі апаттан аман қалғанын айтты

Опубликовано:

Ғалым Махамбетов бағдарлама эфирінде
Ғалым Махамбетов. Фото: instagram/galym_makhambetov

Белгілі әзілкеш әрі тележүргізуші Ғалым Махамбетов садақаның арқасында үлкен апаттан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды "Ұйқым келмейді" жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Осыдан екі жыл бұрын, карантин кезінде ораза ұстап, ауызашарға мотоциклмен асығып бара жаттым. Ауызашарға таяу адамның төзімі таусыла бастайды ғой... Солай қатты басып келе жатқанымда мені бір танысым көріп қалып: "Ғалым, қалайсың?", - деді. Соған бұрылып, қолымды көтеріп, бері қарай бергенімде, алдымнан бір машина шықты. Көліктің артына соғылып, мотоциклім кіріп кетті. Мотоциклдің мойны сынып кеткен, мен ұштым. Аспанда екі рет айналып, жерге түстім. Тұрдым, ештеңе болған жоқ маған. Таң қалдым.

Адамдардың бәрі жиналып: "Шынымен ештеңе болған жоқ па?", - деп таңданып жатыр. Ет қызуымен ештеңе білінбеді. Артынан саусағым, тізем ауырды. Бірақ сынған ештеңе жоқ. Артынан ауызашарға бардым үлгеріп. Мотоцикл жарамай қалды. Үйге барып, кешкісін талқылап жатырмыз ғой. Сол күні әйелім пітір садақа беріпті. Одан бөлек өзім күнделікті ауырып жатқан балалар мен мешіт құрылысына жүз теңгеден болса да, салып тұратынмын. Сол садақа менің өмірімді сақтап, 12 мүшемді сау қылды. Әйтпесе, асфальттің үстінен аман қалу мүмкін емес еді", - дейді Ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017561-aspanda-eki-ret-ainaldym-azilkes-galym-maxambetov-sadaqanyn-arqasynda-iri-apattan-aman-qalganyn-aitty/

pixel