Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте бақыттымын": Әсел Сәдуақасова өзінің сүйіктісін көпшілікке таныстырды (фото)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: Іnstagram.com/asselsadvakassova

Отандық актриса Әсел Сәдуақасова көпшілікке өзінің сүйіктісін көрсетті. Ол ғашығымен түскен суреттерді өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады.

"Таныс болыңыздар менің сүйіктім – Мағжан. Бұл екі егіз жандардың кездесуі. Оның жанында әйел ретінде бақыттымын. Оның жанында өзімді сондай жайлы, жақсы сезінемін. Ешқандай эмоционалдық тұрақсыздық немесе қандай да бір жайсыздық жоқ. Тек қана күлкі мен рухани әңгімелер", – деп жазған актриса сүйіктісімен түскен суреттерді бөлісті.

Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: Іnstagram.com/asselsadvakassova

Ол өзіңе қамқорлық танытып, махаббатқа бөлеген сүйіктісіне алғыс та айтқан.

"Қазір өте бақыттымын және осы қуаныш, махаббатымды бүкіл әлемге сыйлағым келеді", – дейді Әсел Сәдуақасова.

Сөз соңында актриса осы жазбаны оқып отырған әрбір қызға өз махаббатын жолықтыруды, сүю және сүйікті болу бақытын тілеген.

Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017610-asel-saduaqasova-ozinin-suiiktisin-kopsilikke-tanystyrdy-foto/

pixel