jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жанды дауыста": Гүлнұр Оразымбетова желіге тараған шулы видеосына қатысты пікір білдірді (видео)

    Гүлнұр Оразымбетова
    Гүлнұр Оразымбетова. Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova

    Отандық әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіге тараған шулы видеосына қатысты пікір білдірді. Әнші алдағы уақытта тыңдармандарына тек жанды дауыста ән айтатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында мәлім етті.

    "Менің дауысымнан шок болып, ұйықтай алмай жатқан оқырмандарым, кеш жарық. Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым десем болады. Осындай мүмкіндік жасап берген азаматтар, сіздерге респект. Ең бастысы, мен сіздермен біргемін. Сіздер менімен біргесіздер.

    Бұл алдағы уақытта үлкен концерттерге жолдама деп ойлаймын. Күтіңіздер. Жанды дауыста жақсы дүниелерді өздеріңізге ұсынамын", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

    Айта кетейік, Гүлнұр Оразымбетованың "Көкке өрле" әнін жанды дауыста орындаған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.

    "Жанды дауыста": Гүлнұр Оразымбетова желіге тараған шулы видеосына қатысты пікір білдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.