Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақпал - тағдырлы әнші": Қалдыбек Құрманәлі Мақпал Жүнісованың жеке өмірі мен тағдырын сөз етті

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Бірнеше күн бұрын қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова сұхбат беріп, жан сырын ақтарған болатын. Осыдан кейін белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі Нұрқаділовтің екінші жұбайы Мақпал Жүнісованың тағдырлы әнші екенін айтып, NEGE.KZ сайтына сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сенің жер басып жүргенің басқа біреуге ауыр тиюі мүмкін. Адамның алдымен өнерін бағалаймын. Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шықпаса да, Мақпал болып қалатын еді. Онсыз да халық әртісі атанар еді.

Тіпті Мақпал Заманбекке тұрмысқа шықпаса, қазір жағдайы жақсы болар еді деп ойлаймын. Ол кезінде Заманбек Нұрқаділовтің әйелі болғаны үшін ғана баратын жеріне бара алмай, аяқ-қолы тұсаулы жүрді ғой.

Мақпал өзі тұрмысқа шыққан жоқ, Заманбек оны алды. Заманбек кімді сүйіп, кімді алады, өзі біледі. Егер Мақпал Заманбекке күйеуге тигеннен кейін әнші ретінде танылса, таланты ашылса, түсінер едім. Мақпал Жүнісова - тағдырлы әнші. Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан шолақ тарихта өнер адамы ретінде қалды. Сол кезде олардан да мықты әншілер болмады деп ойлайсыз ба? Осы бес адамды халықтың жүрегінде мәңгі қалдырған не нәрсе? Олардың тағдыры. Сол сияқты  Мақпал мен Заманбектің қосылғаны ғасырдан ғасырға аңыз боп кете береді. Сондықтан олардың қазақ өнеріне қосқан үлесін ғана айтуымыз керек", - деді Қалдыбек Құрманәлі.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017666-tagdyrly-ansi-qaldybek-qurmanali-maqpal-zunisovanyn-nurqadilovke-turmysqa-syqpasa-da-tanymal-bolatynyn-aitty/

pixel