Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр нәрсе сабақ қой": Роза Әлқожа тойда басынан өткен келеңсіз оқиғаны баяндап берді

Опубликовано:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық әнші Роза Әлқожа тойда болған келеңсіз оқиғасын айтып берді. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өнер иесі басынан өткен оқиғадан кейін көмекші алғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір тойға жалғыз барғанмын. Бұрын көмекші болған жоқ. Көлікті өзім жүргіземін, киімдерімді өзім салып аламын. Жалғыз өзім жүретінмін. Алматы облысында бір тойға барғанмын. Шығып келе жатқан кезде, менімен ілесе екі ер адам шықты. Екеуі де ішімдік ішіп алған ба? Суретке түсемін деп ерегесіп қалды. Біреуі біреуін тебемін дегенде, аяғы маған тие жаздады. Сондай жағдайлар болады екен.

Сосын күйеуіме жаныма ер адам қосып бер немесе өзің жүр дедім. Қазір көмекшім бар, балалар бар. Әр нәрсе сабақ қой. Өмірде көрген кезде адамдар әр түрлі жағдайда болады. Бізді енді тек қана әдемі жерде жүретін, пенделерден бөлек қарайды ғой", - деп еске алды Роза Әлқожа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017693-ar-narse-sabaq-qoi-roza-alqoza-toida-basynan-otken-kelensiz-oqigany-bayandap-berdi/

pixel